Kazbei.org - виртуальная площадка для обсуждения будущего страны.

Казбек Бейсебаев

Орхон разы болмай, латиница байымайды

16 ноября 2012, 02:15

Қазіргі қазақ әліпбиі іс жүзінде кириллица да, латиница да емес, тіпті қазақта қазір әліпби де жоқ. Өзге стандарттарды, жазу әдістері мен тетіктерін, ойланбай, мүддемізге қарамастан пайдаланамыз. Паспорт толтырғанда қазақ есімдері тіл заңдылықтарына қарамастан бұрмалануда: aristan, arystan.
33 әріптік кирилл әрпіне 9 әріпті қоса салып өз әліпбиіміз бар деп марқаямыз. Латын құмалақпен бір қарын кирил майын бұздық. Сондықтан әліпбиіміз біркелкі, таза әмбепбапты емес. Аралас, атасы грек, әкесі кирилл, шешесі латын жетім әрі мүгедек құбыжық.
Ел саясаты қандай - әліпбиі де сондай. Кез келген әліпби саяси, тарихи, мәдени, тілдік, психологиялық және идеологиялық мәселе. Хиджаб қыз киімі, оны қорғайтын, ер азаматтарға белгі беретіндей символ болса, әліпби ұлттың киімі, басқа ұлттарға белгі беретіндей ескертуі. Мәселе Орхонның техникалық қиындығында емес, келер ұрпақтың батыстың идеологиялық ықпалынан қорғалуында. Хиджаб киген қызды қабаған иттер қаппайды десек, өзінің төл әліпбиі бар ұлтың идеологиялық иммунитеті мықты болады.
Мықты елдің әліпбиі де мықты. Түрк қағандығы шаңырақ көтергенін әріптері біркелкі, тіл ерекшеліктерін толық қамтыған орхон білдірді.
Х ғасырда өмір сүрген Қарахандар мемлекеті орнағалы араб жазуы таралды. 13 ғасырда Шыңғысхан тігінен жазылатын соғды әліпбиін қабылдады.
Арабша жазу кезінде тіл ерекшеліктері қалам жылдамдығына бағынып, «ұлұ, үнү, ұйұм» деген сөздер түрте салу әдісімен жазыла бастап, ұлы, үні, ұйым сияқты «бобарты» жазылу әдісі пайда болды.
Филологтар бұны ілгері (кері) ықпал деп түсіндірді. Мың жыл осы бобарты жазуды тіл заңдылығы дейміз. Осы дұрұс па? Латынша durus не duris деп жазуға болады. Өкінішке орай «дурис» пен «дұрұс»-тың айырмашылығын түсінбей келеміз. Ендеше неге Нұрсұлтан демей Нұрсылтан деп жазбасқа?
Мұның себебі өзге тілге арналған араб жазуының қазақ тіліне сәйкес келмегендігінде. Жуан һәм жіңішке дауыссыздар орхонда ғана болған. Диакритикалық белгілері бар әріптерді жіңішке оқысақ, орхонның үздік екендігін байқауға болады: śeňim ŧeŁeđydar, baba, bala, þoŁeќ, dabil, đereќ, iři, kirik, odan aři, su, ośeќ, bar, ař, eř. Мұнда п, ш, з, м, ж (дж,ч) әріптері жуан, жіңішке айтылуына қарамастан бірдей жазылған, сондықтан бабаларымыз жіңішке «б» бер, жуан «б» жазылса бар деп оқыған. Бұған қоса айтарым, орхон әліпбиін қалпына келтірушілер білмегендіктен бе әлде жазбаша түрк тілдерін көбірек білгендіктен бе, күні бүгінге дейін қазақ тіліне немқұрайлы қарап келді. Сол себепті олардың әріп кестелеріне «ж» дыбысына орын табылмады. Лакуна яғни бос орынды толтыру салыстырмалы-тарихи-филологиялық әдісті қолданар болсақ, түрк тілдер өзара дыбыс алмасу заңдылықтары бойынша шартты түрде негізгі үш бұтаққа бөлінеді: қарлұқ, оғыз, қыпшақ. Сонымен қатар, «й», «ж», «дч», «ч» деп бөлінетін тіл бұтақтары кездесе береді. Мысалы қазақ тілінде «ж» заылса да, оңтүстіктегілер тчымкент (шымент), дчоқ, джоқ (жоқ) деп айта береді. Демек, қазақ тіліндегі «ж» дыбысы мен орхон әліпбиіндегі «ч» таңбасы сәйкес екендігін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ көне түркі жазбасында «ни» деп оқылатын таңбаның кездесуі көп сұрақ тудырады. Меніңше бұған да ретроспекция яғни салыстырмалы тарихи асинхрондық әдіспен қарауға болады. Мысалы қазақ тілінде «нын», «нін» тіркестері көп кездеседі. Ілгері ықпал заңына сәйкес ол кей жағдайда мысалы үнүн, ұнұн, орнұн (ұорнұн), өнүн (үөнүн), нүн, нұн болып оқыла береді. Қазіргі түрк тілдерінің әліпбилерінде сөздердің арасы ажыратылып, дауысты дыбыстар әсіре белгіленгендіктен біз бұған мән бермейміз. Ал ежелгі сөз бөлгіш белгісі сирек қолданылған заманда сөз соңындағы дауссыз бен оның сөз отрасындағы баламасын кей жағдайда ажыратып басқаша бейнелеу қажет болған сияқты. Демек бір бірінің үстіне қойылған екі жақша сияқты «нй», «ны» таңбасының қызметі дөп қазақ тілі үшін арналғандай, ол жеке айтылған түбір соңындағы «н» емес, түбірге септік жалғауы қосылған жағдайда жазылатын таңба болса керек: күнін, үнін, түнін, ернін, күніне, жанына, қарнына, әніне. Бірақ бұны әрине қосымша зерттеуді қажет ететін жорамал ретінде ғана ұсынып отырмын.
Латыншылдар орхон келмеске кетті, ешкім түсінбейді дейді. Бірақ шын мәнінде сол орхонның терең ізі осы күнге дейін тілімізде сақталған: мән, мен, бән, жазу, йезу, ана, ене, кел, гәл сөздерінен осы байқалады. Қазақ тілінің бар байлығы, әліпби жасау барысында пайдаланар әдістері, құралдары, тетіктері, жасырын мүмкіндіктері, әлеуеті орхон жазуында мейлінше жақсы қамтылған.
Сондықтан да қазақ тілі үшін жаңа әліпби құрастырар алдында нақты ойланып, ең алдымен емлемізді сан ғасыр бойы жиналып қалған шаңнан тазартқанымыз абзал.
Графиканың латындығында, кирилдігінде, орхондығында емес мәселе. Ең алдымен асыл мұрамыз орхондағы тетіктерге көңіл бөлгеніміз дұрс. Сол байлыққа атүсті қарап, индустриялық заманда біз ғана ілгері дамыдық деп әпенді жолмен әліпби құрастыратын болсақ, үлкен әбестікке жол ашамыз. Әліпби ауыстыру яғни транслитерация жасау оңай, ал жаңа әліпби құрастыру өте күрделі ғасырлар бойы қалыптасатын, қиын іс.
Қазіргі I-phon меңгерген қазақ «үштоғай, үшқұдық» сөздерін дұрұс түсінбегендіктен қате айтып, жазады. Шын мәнінде «ұш» сөзі оқ, шекара, шалғай дегенді білдіреді. Бұл сөзден ұштасу, ұшырау лексикалық бірліктері қалыптасқан, демек дұрысы шекарадағы, алыстағы тоғай немесе құдық яғни ұштоғай, үшқұдұқ емес ұшқұдұқ.
Тағы жайт, орхон қазақтың байлығы, белгісі, бренді, төл жазуы. Қымыздан айрылдық та оның патентін грузиндер мен немістер пайдалануда. Осы күннің өзінде шетел түрктанушылары протоевразиялық, протогермандық, проторуникалық болған деп қазақтың шын тарихын бұрмалайды. Мұнайдан айрылған қазақ, күндердің күнінде орхон әліпбиінен де айрылып қалатын түрі бар.
Төртіншіден, неге сәбилердің аз», буки, веди, эй, би, си деп тілін ашамыз? Көне әліпбиімізде әріп қатар тәртібі дайын ғой: «т» (тізе), «ң» (ең), «рь» (ірі немесе ер), «қ» (оқ, құ). Тізеңірі, теңірі не қоңыр әліпбиі деп айтпасқа. Өкінішке орай Моңғолиядағы өзен атауын ғана қолданамыз. Рұн әріптердің астында жеке рулардың тарихы, таңбалары, мөрлері, белгілері, ұрандары жатыр. Екі найза Х, жіңішке Р ерге отырған адамды бейнелейді немесе ірі деген сөзді, жіңішке Т тізесін бүкітрген адамды, Ң екі қолын тәңіріге жайған адамды білдіреді. «Қоңырат» сөзін батыста Хунград, Конрад, Унгерат деп бұрмалайды.
Көп болжамның бірінше, латын әліпбиінің түбі орхоннан тарайды. Алғашқы латын ескерткіштер арғы 6 ғасырда пайда болды. Арғы 7 ғасырда латынның алғашқы нұсқасын жасаған этрус халқы (йеті ру) өздерін түрк деп атаған. Кейінірек Y, Z әріптері грек әліпбиінен қосылды. W, J әріптерін ағылшын-сакстар қосты. Ежелгі жетірулықтар бұқамен жер жырту яғни бағыты солдан оңға, оңнан солға құбылып тұратын «боустрофедон» әдісін кеңінен пайдаланды. Башқорт тіл маманы С.Латыповтың зерттеуінше жетірулықтардың көп сөздері башқорт тіліндегі сөздерге ұқсас: «qol, koz, korere, erere» яғни «қол, көз, көрер, ерер».
Орхондағы D (й) таңба қазіргі латында «д» оқылады. Дыбыс алмасу заңына сәйкес қазақтың «қой» сөзі көнетүркше «қод» сөзінен шыққан.
Рим үлгісіндегі латын әліпбиінде 23 таңба ғана болды: ABCDEFGHIKLMNOPQRSTVXYZ. Бұлардың төменгі регистрі яғни қапталы сол кезде болмап еді. K, Y, Z грек сөздері үшін ғана пайланылды. Кейінірек J (i нұсқасы), U (V нұсқасы) , W (қосарланған V) енгізілді. 8 ғасырда қолданыста болған ескі ағылшындардың алфавитінде де және олардың ортағасырлық «футарк» әліпбиінде де орхон таңбалары мына суреттерге қарағанда кеңінен қолданылды.

Жетірулықтардың әліпбиінде 24 таңба болған. Ахмет Байтұрсынұлының пікірінше қазақ тілі 24 дыбыстан тұрады.
Түйін:
Аталардан қалған жазбаша белгілер көп. Сондықтан көне түрк жазу туралы ой бөліскен дұрұс болар еді.
Қазақ тілі үшін жаңа әліпби құрастырар алдында нақты ойланып, ең алдымен емлемізді сан ғасыр бойы жиналып қалған шаңнан тазартқанымыз абзал. Сондай-ақ әліпби жасау барысында пайдаланар ұтымды әрі тиімді, жаңа мүмкіндіктер ашар тетіктер орхон жазуында ғана қамтылғанын ескерген жөн.
Саяси күш-жігерге келетін болсақ, президент Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі Ататүрк, Атилла, Күлтегіндер сияқты ұрпақ жадында мәңгілік қалатындай әліпби реформасын қолға алғаны жөн, олай болмаған жағдайда қазақтың болашағы күңгірт.

Добавить комментарий

Уважаемые посетители! Данный сайт предназначен для обсуждения и поэтому прошу соблюдать правила дискуссии. Будьте взаимно вежливыми не переходите на личности и оскорбления. Не разжигайте национальную и социальную рознь. Давайте думать о том, как нам обустроить нашу Родину Казахстан.

Отправить
Комментарии (13)
жолаушы
16 ноября 2012, 17:01
-1 1 +1
Соңғы кезде ӘЛІППЕ термин, өзгеріске дұшар болды, өз басыма ұнамайтын өзгеріс. \\\"Әліпби\\\" ол әліппенің, парсы ма басқа ма әйтеуір жат тілдің версиясы. Ана тілімізге құрмет білдіріп, жағымызға жат дыбыстардан арылайық,тегі. Әліпбиі - Әліппесі, әліпби - әліппе, әліпбиіміз - әліппеміз т.с.с.
рас
22 декабря 2012, 20:11
-1 0 +1
Ақылды ұлт болсақ латынға емес руникаға көшейік
аноним
7 февраля 2013, 15:13
-1 0 +1
Алдымен Ұл мен қызымызға бір біріңмен көшеде тек қазақша сөйлеіңдер деп үйретіп алайық. руника туралы айтылған сөздер тым әсіре сілтегендік.

Қазбек мырза, ұлт пен тіл жанашыры екендігіңіз рас болса, сайтыңыздағы оқырмандар мен пікір айтушыларға арналған барлық хабарламаларыңызды қазақша тіліне де аударыңыз. неге сіздің хабарландыруларыңыз тек орысша ілініп тұруы тиіс? Тек қазақша білетін адамдар кіріп қалса, сізді түсінбейді ғой. әйтпесе барлық материалдарыңыз орысша жазып , сол арқылы тек қазақша түсінетін адамдарды сайтыңыздан жырақ ұстаңыз.

Неге қазақ тілін менсінбейміз? Жұртқа ақыл үйретіп көлгірсу оңай да, ал өз ісіңізді жария салып жүрген қағидаларыңызға сай ұстау қиын болғаны ма?
7 февраля 2013, 15:32
-1 0 +1
Құрметті аноним

Қазақ халықының жан ашитын азаматы болсан онда неге атынды жазбайсын..
Өзін неге жым болып отырсын, ашпайсын ба қазақ тілі мәселелерге арналған сайты........ Интернетте бәрін батырсындар
Мына сайтты мен өзімнің қаражатыма шатым, өзім жазамын..... Ана тілімізге арнап бір тақырып әдейі аштым. Сіз ғой отырсыз. Неге өзініз сайт ашпайсыз.
Қысқасы. Мен кешке шейң атынды күтемің. Жауап болмаса, осы жазуынызды Фейсбукқа шығарымын.
Oerken
23 января 2014, 23:19
-1 0 +1
Қазақтың өлшемді латын әліпбиі
Сәлеметсіздер ме!
Мен 1996 жылдан бері 26 таңбалы стандардты латын әліпбиінің қазақ тілін бейнелеудегі потенциялын, қазақ тіліне тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен келемін. Бар арманым Ахмет Байтұрсын ұлы атамыз секілді, қазақ халқына бір идеальді латын әліпбесін жасап беру. Зерттеу барысында бірнеше түрлі варианттар пайда болды. Меніңше бұл еңбек латын әліпбиін жасаудағы ең оңтайлы шешім болады. Тіпті латын алфавиті вариантына кірмей қалған күннің өзінде, оны зерттеушілерге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сол себепті сіздерге осы мақаламды ұсынып отырмын.
Оны төмендегі сілтеме арқылы лқи аласыздар:
http://massaget.kz/blog/9925
http://massaget.kz/blog/9994
http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=129&t=1462
Oerken
23 января 2014, 23:21
-1 0 +1
Қазақтың өлшемді латын әліпбиі
Сәлеметсіздер ме!
Мен 1996 жылдан бері 26 таңбалы стандардты латын әліпбиінің қазақ тілін бейнелеудегі потенциялын, қазақ тіліне тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен келемін. Бар арманым Ахмет Байтұрсын ұлы атамыз секілді, қазақ халқына бір идеальді латын әліпбесін жасап беру. Зерттеу барысында бірнеше түрлі варианттар пайда болды. Меніңше бұл еңбек латын әліпбиін жасаудағы ең оңтайлы шешім болады. Тіпті латын алфавиті вариантына кірмей қалған күннің өзінде, оны зерттеушілерге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сол себепті сіздерге осы мақаламды ұсынып отырмын.
Оны төмендегі сілтеме арқылы лқи аласыздар:
http://massaget.kz/blog/9925
http://massaget.kz/blog/9994
http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=129&t=1462
қанат
25 мая 2014, 11:05
-1 0 +1
баяндамаңызға рахмет,бұл жазуды бізге құдайдың өзі бергендей екен
Amir
5 февраля 2015, 18:02
-1 0 +1
Казбек Бейсебаев!!!!!! ".................Шын мәнінде «ұш» сөзі оқ, шекара, шалғай дегенді білдіреді......."
"Отыз тоғыз Оғыз" ," Отыз Татар", "Он оқ " , "Үш оқ"-бұл сандар -Халық саны!!!!!
"Үш Жүз" , Жеті Жүз"- 3 млн Қазақ пен 7 млн.халқы бар Алтын Орда( Ақсақ темір Алтын Ордаға жорық жасады)!!!
Жазыларды зерттеген болсаңыз осыны түсінуіңіз керек.Және де Орхон жазуы 7-8 ғасырда емес 1219-1220 жылдары жазылған!!!!
Сондықтан қазақша дұрыс оқыңыздар!!!
5 февраля 2015, 18:05
-1 0 +1
автор мен емес, автор: Исламбек Төлендіұлы Арыстанбеков, тарихшы...
Амир
5 февраля 2015, 18:06
-1 1 +1
Казбек Бейсебаев!!!!!! Мен Орхон-Енесей жазуларын толық оқып шықтым!!! Онда ТөрХан-Шыңғысханның тарихы!!! 2552162@mail.ru Егер оқығыңыз келсе кітабымды жіберемін!
5 февраля 2015, 18:08
-1 0 +1
ок. хабарласам
Әмір
5 февраля 2015, 18:08
-1 1 +1
Ғажайып! Сондай тез жауап алғаныма таңданыстамын!
Құуаныш
12 сентября 2016, 18:58
-1 0 +1
Латын әліппесіне өткеніміз жақсы.
Данный проект создан и содержится за счет моих собственных средств. Для его полноценного и эффективного функционирования необходимо техническое и финансовое содействие.