Kazbei.org - виртуальная площадка для обсуждения будущего страны.

Казбек Бейсебаев

Пернетақта, тышқан және тінтуір

19 февраля 2013, 17:36

«Пернетақта», «тышқан», «тінтуір», «ғаламтор»... Бұл сөздер – компьютер жабдықтары мен жұмыстарында қолданылатын сөздердің қазақша баламасы. Соңғы уақытта арнайы техникалық терминдерді қазақ тіліне аудару үрдісі қарқын алғаны сондай, кейде тіпті әлдебір сөздердің нендей мағына беретінін түсінбейтініміз бар.

«Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояптының» керін келтірген терминком мен тіл білімі саласының мамандары жаңа сөздер ойлап табуда алдарына жан салмай тұр. Бір кездері балконды-қылтима, лифтті-жеделсаты деген «кедір-бұдыр» аудармалардан тіл сынған еді. Соған қарамастан, әлі күнге дейін осындай балама сөздерден сүріну қиын емес.

Әлем халқына түсінікті термин сөздерін қазақ тіліне аударудың қаншалықты қажеттілігі болғаны белгісіз. Әйтсе де, қазақстандық термин және тіл мамандары бұған бас қатырмай, түрлі-түсті сөздердің қатарын қалыңдатуда. Осыған байланысты ҚазҰУ орыс филология кафедрасының доценті Рахиля Қарымсақова өз пікірінде түбірі латын сөзінен шығатын атауларды қазақ тіліне аударғанда негізгі мағынасы сақтала бермейтінін алға тартады.

«Барлық латын сөздерді аударып жату керек емес шығар. Кей кездері әлдебір сөзді оқып, оның түпкі мағынасына мән берсеңіз, тіпті күлкіңіз келеді. Себебі, әлгі сөздің бастапқы мағынасы мен аударма баламасы екі түрлі шығуы әбден мүмкін. Мысалы, латын сөзін бүтіндей, өзгермеген күйі қолдануға болады. Алайда оған қазақ тіліндегі жалғау-жұрнақтарды қоссаңыз, әлдебір түсініксіз мағына беруі ғажап емес. Дәл осындай мысалды орыс тілінің сөздеріне қатысты келтіруге болады. Айжан деген адамның атына әлдебір орысша жалғау-жұрнақты қосып, «Айжанка немесе Айжана» деген «жаңа» адамның атын ойлап табудың қисыны жоқ деп ойлаймын. Сонымен қатар, мен орысша сөздерді қазақшалауды қолдаймын, оған қазақ тілінің байлығы да дәрежесі де жетеді деп ойлаймын»,— дейді филология ғылымының кандидаты.

Ал ҚазҰУ-дің шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының доценті Аяужан Таусоғарова бұл мәселеге қатысты әлдебір шешімді кесіп айту мүмкін емес дейді. Кез келген жағдайдың екі жағы болатынын ескере келе ол: «Мысалы бір терминнің сол тілдегі сәтті баламасы болады. Кейде мағынасына да еш нұқсан келтірмейтін сондай балама сөздерді неге қолданбасқа? Ал керісінше жағдайларда термин сөздің мағынасын өзгертетін балама аудармалары кездесіп жатады. Міне, осындай жағдайларда термин сөзді күштеп аударып, қолданысқа енгізудің қажеті жоқ деп санаймын. Сонымен қатар мен терминдерді бастапқы қалпынан өзгертпей беру керек деген пікірмен келіспеймін. Өйткені, термин сөздерді өз тілдеріне аударып, баламасын қолдану тәжірибесі барлық елдерде бар тәжірибе. Семантикалық, метафоралық т.б. тәсілдермен термин жасау дәстүрі бар. Неліктен біз осы қалыптасқан дәстүрді айналып өтеміз? Негізінен диалектикалық заң бар, саннан сапаға дейтін. Меніңше, сәтті аударылған термин сөздер қолданысқа еніп, қала бермек. Ал жарамсызы онсызда тілдік қатынастардан біртіндеп шығып қалады.

Себебі тілдің өзі динамикалық қозғалыстық құбылыс. Оған іштей реттелу заңдылығы тән. Мәселен, компьютерлік мышканы «тышқан» деп аударылды. Расында да, бұл құрылғының кәдімгі тышқанға ұқсайтыны рас қой. Сол сияқты ғылыми терминдер де бұрыннан санамызда бар құбылыспен салыстырылып жаңа атауы пайда болады. Қазақ тілі әлеуетті тіл оған оның қабілеті жетеді деп ойлаймын. Осындай мысалды клавиатура-пернетақта, поиск-тінтуір аудармаларын айтуға болады. Техника, медицина ғылымы қарқынды дамып жатыр күніне қанша термин қолдануға тура келеді бірақ оның бәрін қолдана беру дұрыс емес деп санаймын. Десек те, барлығын жаппай аудара беру керек деген пікірмен келіспеймін»,— дейді доцент.

Компьютер, технология саласының мамандарының да пікірлері бұл тақырыпта түрліше өрбіді. Компьютер жүйесін реттеуші маман (системный администратор) Айдар: «Компьютердегі, ғаламтордағы терминдерді қазақшаға аударып қолданған жөн. Орысшаның өзі ағылшыншадан аударма ғой. Сондықтан атауларды қазақша қолданғанда тұрған ештеңе жоқ. "Перезагрузить" дегенді мысалы қазақша "жүктеу" десе, оның еш оғаштығы жоқ»,— деп санайды. Оның әріптесі Виталий барлық аударманы жүйелі түрде, белгілі бір тәртіппен жүргізу керектігін құптайды, сондай ақ оның айтуынша, қазақтілді әріптестері күнделікті аударма сөздерді қолдана бермейді.

Автор: Асыл РАХМЕТОВА

Портал Республика

 

 

Добавить комментарий

Уважаемые посетители! Данный сайт предназначен для обсуждения и поэтому прошу соблюдать правила дискуссии. Будьте взаимно вежливыми не переходите на личности и оскорбления. Не разжигайте национальную и социальную рознь. Давайте думать о том, как нам обустроить нашу Родину Казахстан.

Отправить
Комментарии (2)
22 февраля 2013, 16:30
-1 0 +1
Осы мақала бойынша қазақ әріптерін латынға ауыстыру нашарлығын көрсетіп отыр. Казіргі уақытта орыс жастары кириллица арқылы қазақ тілін оқып, үйреніп жүр. Ертең латын әріптерін кім оқиды.<br/>. Сонымен қатар, мен орысша сөздерді қазақшалауды қолдаймын, оған қазақ тілінің байлығы да дәрежесі де жетеді деп ойлаймын.
мадина
29 января 2015, 16:40
-1 1 +1
мне понравилось
Данный проект создан и содержится за счет моих собственных средств. Для его полноценного и эффективного функционирования необходимо техническое и финансовое содействие.